Алматыда әл-Фараби даңғылы 10 күнге жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыра отырып, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-10 маусым аралығында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады»,-деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар