Алматыда ақылы автотұрақтар жұмысын уақытша тоқтатады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абылай хан даңғылында орналасқан ақылы автотұрақтар уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы AParking компаниясы Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абылай хан даңғылының бойында Шевченко көшесінен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты осы аумақтағы ақылы автотұрақтар жұмысын уақытша тоқтатады»-, делінген жазбада.

Жаяу жүргінші аймағы 12 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жөнделеді.

Соңғы жаңалықтар