Алматыда Акушерлік орталық маңындағы ағаштар әкімдіктің рұқсатынсыз кесілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімдігі Акушерлік және гинекология ғылыми орталығы жанындағы ағаштарды кесуге рұқсат берген жоқ. Қазір осы дерек бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Акушерлік және гинекология ғылыми орталығы жанындағы жасыл желектің кесілгені туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының мәліметінше, ведомствоға ағаш кесуге рұқсат сұраған өтініш түскен жоқ.

«Жасыл алқаптарды күту мен қорғаудың типтік ережелері және қалалар мен елді мекен аумағын абаттандыру ережелеріне сәйкес, ағаш кесуге рұқсатты жеке тұрғын үй құрылысын, жеке қосалқы нысан салатындардан өзгерлердің бәрі бере алады»,-деп хабарлады басқармадан.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының дерегінше, учаскенің мақсатты бағыты мынадай: халыққа қызмет көрсету нысандары бар көпфункционалды тұрғын кешенін салу.

Аталған нысан жеке меншік құқығы негізінде заңды тұлғанікі.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында меншік иесіне халыққа қызмет көрсететін нысандары бар көпқабатты тұрғын үй кешенінің жобалау алдындағы құжаттар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және келісілген эскиз жобасы) берілген.

Тексеру жүргізу үшін іс материалдары келген залалдың ауқымына байланысты кінәлілерді анықтау және қолданыстағы әкімшілік немесе қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін Алматының полиция департаментіне жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар