Алматыда АҚТЖ-ға шалдыққан жандарды қолдауға бағытталған шара өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда АҚТЖ-ға шалдыққан жандарды қолдауға бағытталған шара өтуде. ҚР Орталық Музейінде салауатты өмір салты индустриясының көрмесі ашылды. Мыңдаған адам өзін-өзі дамыту, жетілдіру мектептерінің оқулықтарымен, үздік технологияларымен танысты.

Келушілер тренингтер мен семинарларға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттайтын дәріс тыңдап, психология саласындағы жетекші мамандардан кеңес алып жатыр. Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатқан әлеуметтік кәсіпкерлер Аружан Саин, Анна Шелепова, Гүлзира Амантурлина, Айнұр Еспенова өздерінің жетістіктерімен бөлісуде.

Шара барысында АҚТЖ-ға шалдыққан жандардың әлеуметтік бейімделуі мен қоғаммен қатынасын жақсарту мәселелерін талқылауға арналған «FOURЭVER» пікірталас алаңы жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, Astana art fest аясында алматылық жас суретшілер FOURЭVER LIFE көрмесін ұйымдастырды. «Будущее мой выбор!» жобасының еріктілері «Таза жол таңда» виртуалды ойынын таныстырды. «Арт и Шок» әртістері «Тағдыр» қойылымын сахналады.

Соңғы жаңалықтар