Алматыда ақша айырбастау пунктіне ұры түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам «Москва» сауда орталығындағы ақша айырбастау пунктін тонамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір тонау дерегі бойынша іс қозғалды.

«Жедел топ тергеу жүргізіп жатыр. Ер адам тонау ниетімен келген. Қолында қару болмаған. Ол ештеңе ала алмаған», - деді Салтанат Әзірбек.

Күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны жайлы әзірге белгісіз.

Фото: nur.kz

Соңғы жаңалықтар