Алматыда ақша айырбастау пунктілерінде доллар 477 теңгеден сатылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470 – 475,50 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 470 - 477 теңге аралығында құбылып тұр.

5 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,39 теңгеге қымбаттап, 468, 78 теңге болған.

Ұлттық банктің 7 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 469, 26 теңге.



Соңғы жаңалықтар