Алматыда ақша айырбастау орнына екі рет қарулы шабуыл жасағандар сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ақша айырбастау орнына екі рет қарулы шабуыл жасағандар сотталды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Қылмыстық істі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Іс материалдарына сәйкес, А.Х.Тангиев, А.К.Исимбаев, А.К.Ибрагимов 2015 жылы 8 маусымда және 18 шілдеде травматикалық тапаншамен, электрошоккермен қаруланып, ақша айырбастау орнына екі рет қарақшылық жасаған. Алайда екі жағдайда да күзетшілердің белсенді қарсылығына тап болып, ақшаны иемдене алмады. Сот үшеуін де ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпты деп танып, алғашқы екеуін 12 жылға, ал А.К. Исимбаевты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар