Алматыда Ақсай өзенінде су деңгейі көтеріліп, қар аралас су көшеге жайылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ақсай өзенінің арнасында, Ақжар өзені сағасының 200 метрден жоғары учаскесінде қар аралас су жиналып қалды. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты автожолды ішінара су басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазселденқорғау арнайы техниканы қолдана отырып, жиналған қар аралас суды тазарту жұмысын жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Жолды басқа су кетті. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Ешкім зардап шекпеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі мұзды су тасқынының алдын алу үшін ескерту жасады:

- Өзен арнасына жақын жерде тұрмаңыз

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз

- Өзендердің жанында автотұрақ ұйымдастырмаңыз

- Өзен арнасы арқылы өтпеңіз.


Фото: t.me/qr_tjm
Соңғы жаңалықтар