Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оның 158 патроны, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар