Алматыда әкімдікті «әбігерге салған» ер адам қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №2 Бостандық аудандық соты әкімдікті «жарамын» деп әбігерге салған Рычков Евгенийді бұлтартпау шарасы ретінде қамау алу туралы шешім шығарды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«Сот Евгений Рычковты ҚР ҚК 273-бабы бойынша (терроризм жасалуы туралы жалған хабар) екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Рычков Евгений 13 қаңтарда сағат 11.25-те Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының күту бөлмесін іштен жауып алған болатын. Жедел әрекет ету қызметі оның бомба салынған чемодан барын хабарлағанын жеткізді. Оның тарапынан ешқандай талаптар қойылмады, деп хабарлайды ІІД өкілдері.

Келіссөздер жүргізу нәтижесінде ол полицияға өз еркімен берілді. Кейін белгілі болғандай, құқық қорғау органдары Рычковтың әрекеті 2008 жылғы азаматтық істің оның пайдасына шешілмеуіне байланысты наразылығынан туындаған деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар