Алматыда АИТВ жұқтырған жастарға арналған ресурстық орталық ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы жанынан АИТВ жұқтырған балаларға арналған ресурстық орталық ашылды. Бұл жерде АИТВ ауруына шалдыққан жасөспірімдер мен жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықта білікті мамандар жастарға диагнозын қабылдауға және өмірге бейімделуге қатысты кеңес береді. Науқастар мұнда өзі сияқты жастармен танысады, өзіне-өзі көмек көрсету топтарына қатысады. Сондай-ақ, ресурстық орталық инфекция жұқтырудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыс істейді.

«АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) бар жасөспірімдер мен жастар психологиялық қолдауға аса мұқтаж. Оларды қоғамнан шеттетуге болмайды. Көктемде біз республикалық көшбасшылық мектебін өткіздік. Сонда байқағанымыз біздің балаларымыз жігерлі, өздеріне сенімді екен. Бұл шарадан кейін, оларда өзін-өзі бағалау деңгейі артты, өмірге деген көзқарасы өзгерді. Бұл тәсілді ресурстық орталық ары қарай дамытады деп сенеміз»,- дейді Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.


Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин қатысты.



Соңғы жаңалықтар