Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау жобасы аясында 6 мыңнан астам адам тексерілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы екі жылдан бері АИТВ эпидемиясын бақылау жобасы жүзеге асып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингісінде АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша Алматы моделі жобасының директоры, Колумбия университеті жанындағы ICAP Мира Сауранбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба АИТВ-мен күрес жөніндегі «Қалалар-модельдер» RADIAN Элтон Джон қорының ауқымды бастамасы аясында құрылған.

«Оның мақсаты – қала тұрғындарына стигматизациясыз және кемсітусіз АИТВ-инфекциясының тиімді түрде алдын алу. Тестілеу және емдеуге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуде тұрақты, кешенді және тиімді қалалық бағдарлама құру», - деді спикер.
Жоба аясында қала әкімдігі, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ЖИТС-тің алдын алу, оған қарсы күрес орталығы және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте жұмыстар жасалады.
«Жобада әртүрлі цифрлық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Мысалы, байланысқа дейінгі алдын алуда дәрі-дәрмек алу үшін дәрігерге бару туралы автоматты SMS ескертулер, серіктестер хабарламаларының баламалы түрлері, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақпараттандыру кеңінен қолданылады. «Пациент мектебі» Telegram боты» әзірленді. Онда емделушілер дәрігерге, психологқа, кеңес берушіге сұрақтар қойып, көмек көрсету тобының онлайн чатына қосыла алады»,- деді Мира Сауранбаева.
Ол сондай-ақ жоба аясында екі жыл ішінде халықтың негізгі топтарының 6 мыңнан астам өкілі түрлі профилактикалық, әлеуметтік және құқықтық қызметтермен қамтылғанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар