Алматыда АИ-92 бензині арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жанармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін бірқатар жанармай құю стансалары таблодағы бағаны өзгертті.

Royal Petrol мен Sinooil ЖҚС АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрінің құнын - 149 теңге, Asia Petrol ЖҚС - 145 теңге деп белгіледі. Оның алдында АИ-92 бензинінің бір литрі 156 теңгедан сатылған болатын.

«ҚазМұнайГаз» және Helios стансалары АИ-92 маркалы бензинді 152 теңгеден сатып жатыр.

Соңғы жаңалықтар