Алматыда ағайынды екі оқушы мектепте алғашқылардың бірі болып вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағайынды екі оқушы мектепте алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбар мен Айбек Алматы қаласындағы №147 гиназияда оқиды. Екі бауыр бүгін №30 емханада Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырды.

«Мен 16 жастамын, інім 14 жаста. Бүгін өзіміз тіркелген емханаға анамызбен келіп коронавирус вакцинасын салдырдық. Ең алдымен дәрігер дене қызуымызды, қан қысымызды тексерді. Екпе алған соң жарты сағат медицина қызметкерінің бақылауында болдық. Екеумізде де жанама әсер болған жоқ. Әлемді шарпыған дертті тек вакцина жеңетінін күнде естіп, теледидардан көріп жүрміз.Сондықтан мен сыныптастарымды, достарымды вакцина алуға шақырамын», - дейді Айбар Дүйсен.

Ал, Дүйсен Айбектің айтуынша, вакцина алмас бұрын ата-анасы екпенің маңыздылығын түсіндірген.

«Әкем мен анам бізбен вакцина туралы сөйлесті. Оның маңыздылығы мен пайдасы туралы айтты. Содан кейін, барып «вакцина салдырамыз» деген ортақ шешімге келдік. Менің атам, апам, қарындасым мен кішкентай інім бар. Мен ол кісілердің ауврып қалғанын қаламаймын. Сондықтан вакцина салдыруға бірден келісім бердім. Көкем де мен де сыныбымызда алғашқылардың бірі болып егілдік»,- дейді Айбек Дүйсен.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, Алматыда 2 947 жасөспірім вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар