Алматыда ағайынды екі бала бес күннен бері табылмай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12-16 жастағы ағайындылар бес күннен бері із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санат Сәдуақас мен Əрсен Сәдуақас 27 қазанда кешкі сағат 17-лер шамасында Шапық Шокин көшесіндегі №50 үйден шығып кеткен. Содан бері жасөспірімдердің жақындары олардан хабар ала алмай отыр.

«Санат Мұратұлының бойы 165-170 см, шашы қара, арықша келген, ат жақты бала. Үйден шыққанда үстінде жасыл күртеше, аяғында қара көк туфли болған. Ал Əрсен Мұратұлының бойы 150-160 см шамасында, ат жақты, беті сопақша келген. Сары түсті күртеше мен көк трико киіп кеткен»,- делінген полиция таратқан хабарламада.

Құқық қорғаушылар жоғалған жасөспірімдерді көрген адамдар болса хабарласуын сұрайды.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда психологиялық денсаулық орталығынан 3 жасөспірім қашып кеткенін хабарлағанбыз. Олардың біреуі көп ұзамай табылды. Қалған екеуінен əлі хабар жоқ. 

Соңғы жаңалықтар