+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Алматыда ағаштарды заңсыз кескен жер иесіне айыппұл салынды

2020 жылғы 20 қаңтар 20:12
Бөлісіңіз:
Алматыда ағаштарды заңсыз кескен жер иесіне айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ағаштарды заңсыз кескен жер иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімдігі Ботаникалық бақ алдындағы ағаштар неліктен кесілгенін түсіндірді Бурабай ұлттық саябағында заңсыз ағаш кескендер ұсталды Экология министрі Бурабайда ағаш кесу оқиғасы туралы айтты

Қала тұрғындары туберкулезге қарсы диспансердің аумағында ағаштардың жаппай кесілуіне шағымданды. Бұл хабарламаны алған Алматы жасыл экономика басқарма қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барды. Бұл бұрынғы туберкулезге қарсы емхана екені белгілі болды. Меншік иесі - жеке тұлға, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

«Аталған учаскені тексеру барысында 70 жапырақты және жеміс ағаштарын кесу фактісі расталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы бойынша айыппұл салынды. Сондай-ақ, өтемдік ретінде 350 ағаш көшетін отырғызуға кепілдік алынды. Ағаштарды үстіміздегі жылдың 25 сәуіріне дейін отырғызады және 2 жыл оған күтім жасайды», - деп хабарлады Жасыл экономика басқармасы.

Айта кету керек, Алматыда кесілген ағаш шығынын өтеудің әдісі жасалды, соның арқасында келтірілген залалдың нақты бағасы анықталады. Ағаш апатты жағдайда кесілсе, оның орнына бір ағаш отырғызылады, егер заңсыз алынса, онда бір ағаштың орнына 100 түп отырғызылады. Жасыл желектің кепіл мерзімі – 3 жыл.

Еске салайық, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT