Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды. ҚазАқпарат бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады», - делінген полиция мәліметінде.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.

«Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - деді полициядан.

Еске салайық, кеше Көктөбе баурайында тұтанған өртпен күрес жүріп жатқан кезде, Көктөбе саябағына жақын жерде ағаш арасында от жағып жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті Бостандық ауданының полиция басқармасы видеоны дереу тексеруге кірісті.

«Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекетті жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады», - делінген болатын полиция хабарламасында.

Көктөбе баурайында өрт кеше кешкісін тұтанған болатын. Бір жарым сағаттан кейін жалын толығымен ауыздықталды.

Бұдан бөлек, кеше өрт сөндірушілер өзге екі ошақтағы өртпен күрес жүргізді. Т аңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп жана бастаған болатын.

Кейін өрт Кеңсай зираты аумағында тұтанды.


Соңғы жаңалықтар