Алматыда ағаштарды өңдеуге қолданылатын препараттың адамға зияны жоқ – басқарма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмысына пайдаланылатын препараттың өзіндік иісі бар, бірақ адамдарға зияны жоқ. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма мәліметінше, жасыл желекті өндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ сағат 23:00 - 06:00 аралығында. Себебі күн сәулесі дәрілік заттың зиянкестерге әсерін төмендетеді.

Өңдеуге Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады.

Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, препараттың өзіндік иісі бар. Дегенмен қоршаған ортаға, адамдарға, үй жануарлары мен өзге де тірі ағзаларға еш зияны жоқ.

Бірінші кезең жұмыстары қала бойынша бір ай бойы жүргізіледі. Келесі үш кезең маусым, шілде, тамыз айларында өткізіледі.

«Аулалар, саябақтар мен көше бойындағы барлық жасыл желекті өңдеу жоспарланған. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытып, мамандардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз», - деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар