Алматыда ағаштар бүршік жарып, қала сан түрлі түске боялды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ағаштар бүршік жарып, көктемнің хош иісі аңқыды. Қала алуан түрлі түске боялды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы – көктем мезгілінде ерекше әсемденіп, мың түске боялады. Қазір қалада ең алдымен өрік, шие ағаштары гүлдеп, қаланың көркіне сұлулық қосуда. Айнала жасыл түске боялып, қала ішінде хош иіс аңқиды. Қала тұрғындары да көп уақытын далада өткізіп, таза ауада жиі серуендеп жүр.

ҚазАқпарат фототілшісі қаладағы көктемнің әсем келбеті мен гүлдеп жатқан ағаштарды фотоға түсірген еді.


Айта кетейік, бүгін наурыз айының соңғы күні, ертең сәуір айы басталады. Бұрынғылар бұл ай туралы «Сәуір айы – қазақтың тәуір айы» деген. Ал марқасқа ақын Мұқағали Мақатаев «Сәуір айы шопанға сарыуайым, малмен бірге бағады ауа райын» деп жырлады. Сондай-ақ бұл ай туралы халқымызда «Наурыз – суымен, сәуір – нуымен, мамыр – гүлімен», «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген мақал-мәтел, қанатты сөздер бар.









Соңғы жаңалықтар