Алматыда ағашқа соғылған Volkswagen жүргізушісі қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Volkswagen жүргізушісі талға соғылып көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Жол апаты Сәтбаев көшесі мен Манас көшесінің қиылысында болған.

Көлік рулінен айырылып қалған жүргізуші  қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп,  талға соғылған.  Қатты соққыдан ер адам сол жерде тіл тартпай кеткен.

Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар