+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Алматыда ағаш басып қалған жолаушының миы шайқалып, қолына зақым келген

2018 жылғы 13 тамыз 13:30
Бөлісіңіз:
Алматыда ағаш басып қалған жолаушының миы шайқалып, қолына зақым келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлаған ағаш астында қалған автокөлік ішіндегі әйелдің алақан сүйектеріне зақым келген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағаш пен автокөлік оқиғасынан зардап шеккен әйел ауруханаға 11 тамыз күні сағат 18:15-те түсті. Оның жағдайын орташа дәрежедегі жарақат деп бағалаймыз. Пациент қалпына келді. Оның миы шайқалып, алақан сүйектері сынған. Қолына ота жасалды»,-деді травмотология бөлімінің меңгерушісі Берик Иргалиев.

Дәрігерлердің айтуынша, 44 жасар әйел он шақты күн ауруханада бақылауда болады. Оқиға болған күні тағы бір жапа шегуші ауруханаға жеткізілген. 23 жасар бойжеткен медициналық көмекке зәру болмағандықтан үйіне қайтарылған.

Еске сала кетсек, 11 тамыз күні Алматының қақ ортасында үлкен ағаш көліктің үстіне құлап, ішіндегі адамдарды жедел жәрдем алып кеткен болатын. Оқиға Құрманғазы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. Ағаш жаншып қалған автокөлік ішінде 3 адам болған. Оның екеуі ауруханаға жеткізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арайлым Жолдасбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT