Алматыда Әділет департаменті балалар үйіне сый жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Он екі айдың Сұлтаны Рамазан айында Алматы қаласы Әділет департаменті ұжымы КММ «Үміт үйі» балаларына «Аялы алақан» атты акциясын ұйымдастырып, қайырымдылық көрсетті. Бұл туралы қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Сәлима Якупбаева хабарлады.

Қайырымдылық шарасына Департамент басшысы бастаған ұжым қызметкерлері, атап айтқанда құқықтық түсіндіру және халыққа заңдық қызмет көрсету бөлімі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі қызметкерлері атсалысты.

25 жылдық тарихы бар балалар үйіне департамент атынан тоңазытқыш пен теледидар сыйға беріліп, балаларға «La Mar. Ka» шығармашылық шеберханасының «тәттілері» тарту етілді.

Әділет басқармасы қызметкерлері көрсеткен қамқорлыққа «Үміт үйі» басшысы Сандуғаш Сматқызы ризалығын жеткізді.

Қазір Үміт үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеті жасқа дейінгі 29 бала тәрбиеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар