Алматыда әдеби «Оскар» сыйлығының иегерлері марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында кездесу өтті. Бұдан бөлек биыл екінші рет әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда жаңа кітаптардың тұсауы кесілді. «Қашқын» кітабына «Алтын қалам 2018» байқауында жүлде алған екі шығарма, ал «Жылдың үздік романы» атанған Айдын Кәлімханның роман-биографиясы мен Есболат Айдабосынның «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша «Ит тірлік» әңгімесі еніп отыр.

«Алашорда» топтамасынан «Алтын қалам 2017» әдеби сайысының бас жүлдегері Әлімжан Әлпейісовтің «Ана жүрегі» және «Алтын қалам» иегері Ақылбек Шаяхметтің «Суық жел» атты туындысын оқуға болады. Қос шығармаға тарихи оқиғалар арқау болған.

Сондай-ақ «Қазіргі қазақ сатирасы» атты жинаққа «Алтын қалам» әдеби жүлдесіне қатысып, оқырмандардың ықыласына бөленген үздік туындылар еніп отыр. Мұнда достық рәуіштегі сын, астарлы әзілмен өрілген күлдіргі әңгімелер бар. Сонымен қатар жылдың үздік әңгімесі атанған Мақсат Қарғабайдың «Өмірдің өзі» атты кітабы да таныстырылды.

«Осыған дейін кітап сататын дүкендерде қазақ тіліндегі кітаптар үстіңгі бір бұрыштарда тұратын. Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Досым төртеуіміздің әдеттегі кездесуімізде осыған байланысты үлкен сайыстар өткізсек деген идеяға тоқтадық. Одан бері «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ұйымдастырылғанына 10 жыл толып отыр. Шындығында, бұл конкурстың ғұмыры ұзақ болады деп ойламадық. Бұған дейін, көктемде сайысты бастап, күзде жеңімпаздарды анықтайтынбыз. Бірақ, авторларды қуаттандыру мақсатымен әдеби кездесулерді ұйымдастырамыз деп шештік. Былтырдан бері екінші рет өтіп жатқан әдеби кездесуде ресми түрде әдеби «Оскар» өткізіліп жатыр», - деді «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы.

Жоғарыда айтып өткендей, биыл екінші рет өтіп жатқан әдеби «Оскар» сыйлығы заманауи әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Жеңімпаздар «Алтын қалам» байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін де білдірді.null

Сауалнама нәтижесінде келесі авторлар мен азаматтар жеңімпаз атанды:

Meloman Publishing жылдың үздік баспасы атанса, жылдың әдеби дебюті сыйлығын Орал Арукенова еншіледі.

Ал Кітап like (оқырмандар таңдауы) Асқар Нұршағабұйырды.

Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап аталымында Гульнар Бажкенованың мерейі үстем болды.

Олжас Құдайбергенов жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) атанды.

«Бұл кітапты мен 2017 жылы жазып шыққанмын, бірақ 2018 жылы жарық көрді. Юрий Серебрянский есімді әріптесім «Меломан» баспасына менің туындымды тапсырған еді. «Правила нефтянки» атты шығармама халықаралық компаниялардағы, тау-кен ісі мен мұнай өнеркәсібіндегі еңбек жолымда кездескен түрлі жағдайлар мен тәжірибелерім арқау болған», - деді әдеби «Оскар» сыйлығының иегері Орал Арукенова.

Соңғы жаңалықтар