Алматыда адасып кеткен балаларды Ұлттық ұлан жасағы тапты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адасып кеткен балаларды Ұлттық ұлан жасағы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 11 қараша күні Алматы қаласының Төле би көшесі бойында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінде жүрген Ұлттық ұлан жасағынан екі баласынан көз жазып қалған ана келіп, көмек сұрайды.

«Жасақтың жедел іс-әрекеті арқасында адасып қалған балалар табылып, ата-анасына табысталды. Балалар Алматы өзені мен Мақатаев көшесінің қилысынан табылды. Азаматша Меруерт Жанарбаева ұландық жауынгерлер мен командирлеріне кәсіби іс-әрекеттері, жедел көмектері үшін үшін алғысын білдірді»,- деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар