Алматыда адамның түр-түсін анықтайтын камера орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қылмыскерлердің бет-жүзін анықтауға көмектесетін «Сергек» бақылау камералары орнатылады. Бұл туралы «Қауіпсіздікті цифрландыру» тақырыбында өткен IT-қоғымдастығы мен қалалық ІІД-нің басқосуында айталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сергек» компаниясының өкілдері қала әкімшілігімен пилоттық жобаны жүзеге асыруда өзара келісімге келуде. 

«Біз «Сергек» бақылау камераларын орнату жобасын енгізгіміз келеді. Бұл істі бір айдың ішінде тындыра аламыз. Панфилов көшесінің бойында бір ғана қоғамдық бейне бақылау орнатылған. Ол жерге адамдардың түр-түсін анықтайтын функцясы бар  камера орнатқымыз келеді. Әкімшілікпен сөзбе-сөз келісімге келдік, енді ІІД-мен бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шаруа бекітілсе атқаруға дайынбыз», - деді Sergek компаниясының  өкілі Қайрат Ахметов. 

Осыған ұқсас жүйе Астанада ендігі іске қосылған. Сондай-ақ  тұрмыстық заттар дүкенімен бірігіп ұрылар тіркелген ортақ база жасалады. Жаңа жоба сауда үйлерінің кіреберісінде  ұрыларды жазбай тануға көмегін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар