+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қаққан екінші күдікті ұсталды

2019 жылғы 16 қыркүйек 17:22
Бөлісіңіз:
Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қаққан екінші күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қағып, жасырынып жүрген екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы орталығында жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды Қызылордада көлік қағып кеткен велосипедші көз жұмды Оралда автокөлік қағып кеткен 29 жастағы жігіт көз жұмды

Бірнеше сағат бұрын, Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасы Бостандық ауданында 2019 жылы 26 тамызда адамдарды көлігімен қасақана қақты деген күдікке ілінген 1999 жылғы А-ны ұстады.

«Күдікті А. Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген. Күдікті ПД тергеу бөліміне жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Естеріңізге салайық, оқиға 26 тамыз күні, тағы сағат 4-тер шамасында болған. Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды.

Кейін Алматы полициясы көлікпен адамдарды қасақана қағу оқиғасына қатысты толық ақпаратты жариялады.

Сол күні, дәрігерлер көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты.

Тәртіп сақшылары адамдарды қаққан көліктерді тауып, арнайы автотұраққа жеткізді.

Күдіктілер ағайындылар екені анықталды. Аналары балаларының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты. Кейін, желіде куәгерлер түсірген тағы бір видео пайда болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT