Алматыда адам тасымалдаумен айналысқан қоқыс таситын көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, қоқыс таситын көліктің жүргізушісі 1969 жылы туған У. есімді азамат бүгін таңертең № 4 блокпостта ұсталды.

«Тәртіп сақшылары оның көлігін тексерді. Нәтижиесінде кабинаның ішінде тығылып отырған адамдарды анықтады. Жалпы жүргізушіні қоса алғанда жүк көлігінде бес адам болды, олардың екеуі – әйел. Жүргізуші қоқыс таситын көлігімен жолаушыларды облыстан қалаға кіргізбек болған», – деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жүргізуші мен жолаушылар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының талаптарына сәйкес төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар