Алматыда адам саудасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жыл басынан бері ҚР ҚК 309-бабы бойынша 23 сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. ҚР ҚК 308-бабы бойынша 5 қылмыс жасалғаны анықталды. Ал ҚР ҚК 128-бабы бойынша, яғни адам саудасына байланысты 1 қылмыстық іс қаралып жатыр», -деді Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бөлім басшысы Айдынбек Қоқамбеков.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары тұрақты түрде қонақ үйлер мен жалға берілетін пәтерлерді тексеріп тұрады.

Жынойнақ жасаған пәтер қожайындары ҚР ӘқбК 450-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Жергілікті полиция қызметінің көмегімен аталған баппен 121 адам, жігіттерге жөнсіз жабысқан 313 бойжеткен жауапқа тартылған», - деді подполковник Қоқамбеков.

Осыған дейін Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 отбасы далада қалғандығын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар