USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда Adam Bol Awards сыйлығының лауреаттары марапатталды

2021 жылғы 2 наурыз 10:15
Бөлісіңіз:
Алматыда Adam Bol Awards сыйлығының лауреаттары марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алғашқы жаһандық қазақстандық сыйлықтың лауреаттары арасында алматылықтар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда алты адамды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Қазақстанның ауыр атлетикадан чемпионы Дәурен Рымқұлов Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды.

Салтанатты шараға қатысқан шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаһармандардың арамызда жүргенін және Adam Bol Awards сыйлығы олардың жасаған ерліктерін бүкіл әлемнің білетініне ықпал ететінін атап өтті.

«Лауреаттардың әрқайсысы құрметке лайық әрі қоғамға қызмет етудің, жанқиярлық пен батылдықтың үлгісі», - дейді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жеңімпаздар арасында алматылық, хайуанаттар құқын қорғаушы Сергей Снегирев те бар. Ол отқа оранған ангардан 22 итті алып шықты.

Қиын жағдайда көмек қолын созып, жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен бірқатар қазақстандықтардың ерлігі аталып өтілді.

Алғашқы жаһандық қазақстандық Adam Bol Awards сыйлығы өмірде ерлікке әрдайым орын бар екенін өзінің ісімен шынайы көрсете білген адамдарға арналған.

Жобаның құрылтайшысы — қоғам қайраткері, «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының негізін қалаған Әлия Назарбаева. Ол сонымен қатарқ қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Ұлттық балалар әндерінің «Бала дауысы» жобасының авторы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT