+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматыда Әбіш Кекілбаевтың атына көше атауы берілді

2019 жылғы 20 қыркүйек 12:06
Бөлісіңіз:
Алматыда Әбіш Кекілбаевтың атына көше атауы берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әбіш Кекілбаевтің құрметіне көше атауы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әбіш рухы қазақтың мәңгі жанында һәм жадында - Қырымбек Көшербаев Маңғыстау мектептерінде елуге жуық «Әбіштану» кабинеттері бар

Алматыдағы Каблукова көшесі енді Әбіш Кекілбаев деп аталатын болды.

Көшенің ашылу рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Бүгінгі шараның Алматы қаласында өтуінің маңызы зор. Ұлы жазушы бозбала шағында осында келіп, өмірінің ең бақытты да мағыналы шақтарын осы Алматы қаласында өткізді. Жазушылық өнердің, суреткерлік шеберліктің шыңына шықты. Мемлекеттік қызмет пен саясат сахнасында жасындай жарқылдап, сөз бастар шешенге, ой тастар көсемге айналды. «Жақсы болудың жақсылық жасаудан басқа жолы жоқ» дейтін Әбіш Кекілбайевтің сөзінде де, шығармашылығында да жасандылық болған жоқ. Әбіштің шығармаларын оқи отырып, қазақ деген халықтың ұлттық мінезін, мәдениетінің сан қырлы қатпарын жазбай тануға болады. Ол туындылар ұлт тарихының жылнамасындай, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғам мен заманның тынысындай болды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.



Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай, Н.Назарбаев даңғылы, 118-де ескерткіш тақта ашылады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік кеш өтеді.

Бұл шараларға жазушының жақын туыстары, достары, замандастары, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT