Алматыда Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді. Бұл туралы мәслихат сессиясы барысында айтылды, деп хабарлайды massaget.kz.

Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.

"Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні", - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.

Алматыда жаңа атаулар бекітілген соң қалада қазақ әдебиетінің қос майталманы Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды. 

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар