+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда «Абайға оралу» атты онлайн концерт өтті

2020 жылғы 11 тамыз 01:15
Бөлісіңіз:
Алматыда «Абайға оралу» атты онлайн концерт өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ular» этно-фьюжн ансамблі «Абайға оралу» онлайн концертін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО театрында Жұбанның 100 жылдығына орай жаңа премьера қойылады ҚР Қарулы Күштері Абай шыңына ұлы ақынның ескерткіш тақтасын орнаты Табысын қыштан қалаған қаржы маманы: Бір ғана ыдыс мені бірегей жолға жетеледі

10 тамыз – Абай күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы...», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар», – деді оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Онлайн концертте орындалған туындылар Қыздар университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, «Ular» этно-фьюжн ансамблі 1987 жылы құрылған. 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ музыкалық шығармашылық өнерін жаңғыртуға үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұжымы сондай-ақ ұлттың ұмыт бола бастаған көптеген музыкалық аспаптарын қайта жандандырды.

Өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген ансамбль Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және тағы да басқа алыс-жақын шет елдерге гастрольдік сапарлар жасап, қазақ өнерін насихаттауға зор септігін тигізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT