Алматыда Абай көшесінде жол қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай көшесінің батыс бағытында жол қозғалысы шектеледі. Уақытша қолайсыздықтар метро құрылысымен байланысты, деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі.

«Қазанның 7-сі күні кешкі 17:00-ден бастап газ құбырларын іске қосу жұмыстарына байланысты тас жолдың «Магнум» сауда үйі маңындағы 2 жолағы жабық болады. Құрылыс жұмыстары 16 қазанға дейін жалғасады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар