Алматыда Абай даңғылындағы эстакада ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің қиылысындағы көпір ашылды. Эстакаданың ұзындығы – 396 метр, әр бағытта төрт жолақ бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан мәлім еткендей, Ясауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаске бойынша қозғалыс уақытша жабық. Нысандағы құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарда. Мұнда жан-жаққа шығатын жолдардың жиегін орнату, аумақты абаттандыру, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жоғарғы қабатқа асфальтбетон жабынын төсеу және тағы басқа жұмыстар орындалатын болады.


Абай даңғылынан шығатын екі айырық жолды жасау аяқталғанға дейін Әшімов көшесінің қиылысындағы көлік қозғалысы бағдаршаммен реттеу уақытша ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде аталған учаскені квадрокоптердің көмегімен түсірілген видео пайда болды.

Еске салайық, 14 желтоқсан күні Абай даңғылын ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылған болатын.


Соңғы жаңалықтар