Алматыда Абай даңғылын ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Абай даңғылының өтпелі қозғалыс ашылған учаскесін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай даңғылының бойымен Б. Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін ұзындығы 3,5 шақырым учаскенің құрылысы аяқталып қалды. Екі бағыт бойынша көлік қозғалысы үшін үш жолақ қарастырылған.

Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салынды, оның қозғалысын осы айдың соңына дейін ашу жоспарда. Бұл учаскеде бағдаршаммен реттелетін уақытша қозғалыс сызбасы ұйымдастырылған.

Абай даңғылын ұзарту жобасын іске асыру барысында Қарғалы өзенінде көпір салынды. Абай даңғылын қаланың батыс шекарасына дейін ұзарту көліктің кедергісіз өтуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрығы ашылған болатын.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылысшыларға алғыс айтып, оларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жұмысшылар қысқа мерзімде күрделі жобаларды аяқтады, соның арқасында көлік инфрақұрылымы жақсарып, қала тұрғындарының мобильділігі артады.

Қала әкімі салынып жатқан Б. Момышұлы метро станциясын аралап көрді, онда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін Б. Момышұлы және Сарыарқа станцияларын техникалық іске қосу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар