Алматыда Абай даңғылы бойында көлік қозғалысы шектеледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, Алматыда 9 маусымда сағат 22.00-ден 10 маусым сағат 15.00-ге дейін Абай даңғылы бойымен батыс бағытта (Сайын көшесінен «GASENERGY» жанармай құю бекетіне дейін) көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалыс екі жаққа да ашық болады.
«Аталмыш даңғыл сегментінің жүріс бөлігі астында өтетін магистральдық құбыр учаскеде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар