Алматыда «А-Студио» тобы белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев оркестрімен концерт бермек

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда «А-Студио» тобы атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің оркестрімен бірігіп «Symphony-A» концертін қояды. Ол сәуірдің 16-сы күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл - биылғы оңтүстік астанада жарияланған «Алматы - ТМД мәдени астанасы» жылы аясында жүзеге асырылатын алғашқы жоба болып отыр.

Келушілер «А-Студио» тобының белгілі 15 хитын симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдай алады.

Концерт барысында сондай-ақ, Алматы симфониялық оркестрінің орындауында британдық композитор Карл Дженкинс «Абай», «Палладио» сюиталары мен қазіргі авторлардың туындылары шырқалмақ.

«Біз бұл ортақ жобаға кеше ғана келген жоқпыз. Негізінен, бастама Алмас Серкебаевтың тарапынан болды. Идея көп жылдардан бері ойымызда жүрді. Әрине, Стингтің бізді озып кеткені өкінішті болды. Ол әлемде бірінші болып симфониялық орекстрмен концерт берген болатын. Әйтсе де, біздің жобамыз да Қазақстанды, Алматыны әлемге танытуда үлкен рөл атқарады деп ойлаймыз», - деді «А-Студио» тобының продюсері Байғали Серкебаев.

«Мен бұл жобамен жұмыс істеуге ойланбастан келістім. Өйткені, жоба жаңашылдығымен ерекшеленеді. Маған ұнағаны - аранжировканың жазылуында тепе-теңдік бар. Оркестрмен «А-Студионың» өзіндік қолтаңбасы анық сезілетін болады», - дейді скрипкашы Марат Бисенғалиев.

Соңғы жаңалықтар