Алматыда 930 проблемалық жер учаскесі анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында 930 проблемалық жер учаскесі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің №2 комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2011 жылдан бастап қала аумағы 2 есеге яғни, 68 мың 351 гектарға дейін өскен. Бүгінде ол 4 аймаққа бөлінген шаһарда көрсетілетін қызметтердің саны артып келеді. Мәселен, биылғы 9 айда тұрғындарға 14 500 қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 27% -ға көп. Ал, цифрландыру аясында жыл басынан бері 1087 қызмет онлайн көрсетілген.

«Биыл қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзі бүкіл аудандарға барып шықты. Аудандарда көбінесе жер мәселесі көтерілді. Соның дені Алатау, Жетісу аудандарында. 1-2 айдың ішінде Алатау ауданы туралы айтатын болсақ, 930 проблемалық жер учаскелері табылды. Солардың 724-і шешілді», – деді Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов.

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар арасында тұрғындардан жер мәселесіне қатысты 351 хаттама толтырылыды. Бүгінде тұрғындар арасындағы дау болған мәселелер департамент және қалалық соттың қатысуымен шешіліп жатыр.

«2019 жылдың қорытындысына сәйкес, қазіргі таңда 70 жер учаскесін пайдаланбағаны үшін алып қою туралы шешім қаблданды. Аталған жер учаскелері ілгері уақытта құжаттары берілгеннен кейін сот орындаушыларымен сауда саттыққа шығарылатын болады. Сауда саттық негізінде басқа адамдаға сатылады», – деді қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Азат Исламов.

Жиын барысында жер қатынастары мен қала құрылыс басқарма басшылары 2019 жылды қорытындылады. Бұдан бөлек, қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жылдың жоспарымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар