+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

2021 жылғы 28 қазан 14:44
Бөлісіңіз:
Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3578 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Тимур Мұратов елорда тұрғындарына коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті

«27 қазан күні 3578 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 429, II компонентін – 2 149 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қазан аралығында қалада 991 441 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 933 684 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 440 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT