Алматыда 90 көппәтерлі үй мүлік иелері бірлестігіне ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ПИК-тен мүлік иелерін біріктіруге немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев аталған тетіктің қалай енгізіліп жатқаны туралы айтып берді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, осы жылдың басынан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына түзетулер күшіне енді. Қолданыстағы заңнамаға түзетулер 2020 жылғы 7 қаңтарда қолданысқа енгізілді, ал заңға тәуелді актілер ағымдағы жылғы наурыз-сәуірде бекітілді.

Алматы қаласында 870-ке жуық басқару органдарына (ПИК, ТПИК, ПК, ЖШС, ЖК және т. б.) қызмет көрсететін 8,6 мың көппәтерлі тұрғын үй орналасқанын ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру жөніндегі жол картасы қабылданды, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналыстарын өткізу кестесі бекітілді.

Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілуіне, сондай-ақ қала аумағында жаппай шаралардың өткізілуіне тыйым салатын шектеу шараларының енгізілуіне байланысты жиналыстарды өткізу уақытша тоқтатылды.

«Карантиндік шектеу шараларын жеңілдетуді енгізу бойынша қала аудандарының әкімдері пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналыстарын өткізу кестесінің өзектілігін арттырды», — деді М. Отыншиев.

Бүгінгі күні мобильді топтар 4,2 мың көппәтерлі тұрғын үйлерді қамтумен 1,5 мыңға жуық жиналыс өткізді, 90 мүлік иелері бірлестігіне тіркелді және басқарудың жаңа нысаны ретінде 168 қарапайым серіктестік таңдалды.


Соңғы жаңалықтар