Алматыда 9 телефон террорисі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда былтыр телефон терроризміне байланысты қылмыс саны 25%-ға азайған. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр 9 адам ұсталды. Қазір олардың барлығына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгінде телефон терроризмі ең көп таралған қылмыстардың бірі болып отыр. Жарылғыш зат туралы түскен хабарлардың бәрін тексеру керек. Ол үшін құқық қорғау органдары, медициналық органдар, жедел әрекет ету қызметкерлері жұмылдырылады. Нысанның жұмысы тоқтап, жүздеген қызметкер мен адамдар қауіпсіз жерге көшіріледі. Осы уақытқа дейін бірде бір қоңырау расталған жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы үлкен шығынды талап етеді», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Қуат Науатов.

Қазақстанда мұндай қылмыс ҚР ҚК 273-бабы бойынша қарастырылады.

Телефон террористері 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Алматы ІІД осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атқарылған шаралардың арқасында былтыр қылмыс көрсеткішін 25%-ға азайту мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар