USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматыда 9 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

2021 жылғы 29 қараша 13:25
Бөлісіңіз:
Алматыда 9 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 954 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 136 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа реанимобильдер берілді Өткен тәулікте қанша қазақстандық вакцина салдырды

«28 қараша күні 954 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 592, II компонентін – 362 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 қараша аралығында қалада 1 022 651 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 977 539 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 120 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 12 456 адам салдырды. Оның ішінде 738 жүкті әйел, 2 668 бала емізетін ана және 9 050 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT