Алматыда 9 мың адам басқа емханаға ауысқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биылғы тіркеу науқаны кезінде 9 мың алматылық емхана таңдау құқығын пайдаланды. Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілеухан Әбілдаевтың мәліметінше, тіркеу науқанына қатысқан азаматтар саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Тұрғындар Egov электронды үкімет порталын тиімді пайдалануда.

«Соңғы жылдары тұрғындарға, медицина ұйымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көп жүргізілді. Бұған емхана ауыстырушылар санының күрт төмендеуі дәлел болса керек. Мысалы, жақын маңдағы емхана арқылы үйге дәрігер шақыртуға ыңғайлы. Оған қоса, қазір жедел болмаса, 4 санаттағы шақыртулардың бәріне жергілікті емхана бригадалары қызмет көрсетеді», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Биылғы тіркеу науқанына Алматы қаласынан 77 медицина мекемесі қатысты. Оның 38-і – жеке меншік клиника. Бұл жеке бизнестің мемлекеттік тапсырысты орындауға деген құлшынысының артып отырғанын білдіреді.

Естеріңізге сала кетсек, тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашада аяқталған болатын. Бірақ таңдау жасап үлгермеген азаматтар емхананы кез келген уақытта ауыстыруына болады.

Атап айтқанда, басқа жерге қоныс аударғанда, емхана қайта ұйымдастырылғанда немесе Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты бұзған жағдайда да басқа емханаға тіркелуге болады. Сонымен қатар, әр тұрғынның емхананы жылына бір рет еркін таңдау құқығы бар.

Соңғы жаңалықтар