Алматыда 9 қабатты үйден өрт шықты: 110 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Самал шағынауданы, 53 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты үйдің 3 қабатынан түтін будақтап жатыр: 110 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Оның 8-і - балалар. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама кешкі 20.57-де түскен. Баспасөз хатшысының айтуынша, жертөледе электр қалқаншасындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан өрт тұтанған. Өртті сөндіруге 6 арнайы техника мен 22 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау 21:31-де ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар