+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда 9 айда 94 қала тұрғыны теріс діни ағымның ықпалынан құтылған

2021 жылғы 12 қазан 17:40
Бөлісіңіз:
Алматыда 9 айда 94 қала тұрғыны теріс діни ағымның ықпалынан құтылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 9 айдың ішінде 94 қала тұрғыны деструктивті теріс ағымның ықпалынан құтылған. Бұл туралы Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке баспасөз мәслихатында, айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы алуға жазылу басталды Алматыда адамды автокөлік төбесіне отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы ҚазАқпарат тілшілері марапатталды

Алматыда 2016 жылдан бастап ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істейді. Оның құрамында дін саласындағы 41 білікті маман кірген. Олар: тарихшылар, дінтанушылар, исламтанушылар, заңгер, философ, психологтар, және дін сарапшылар.

«Оңалту жұмыстары бойынша биылғы 9 айдың ішінде 94 қала тұрғыны деструктивті теріс діни ағымның ықпалынан құтылып, дәстүрлі ислам дініне оралды. Сондай-ақ, Алматыда 184 діни бірлестік, 115 діни ғимарат жұмыс істейді, сондай-ақ 64 миссионер тіркелген»,- деді Ерғали Көшеке.

Оның айтуынша, Алматыда бүгінде 4 діни оқу орны жұмыс істейді. Олар: «Нұр Мүбарак» университеті, Имамдардың біліктілігін арттыру институты, «Әбу ханифа» медресесі, Православ шіркеуінің Алматы діни семинариясы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT