Алматыда 82 шақырым веложол абаттандырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ұзындығы 82 шақырым құрайтын веложолдар абаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының қалалық мобилділік басқармасы мәлім еткендей, қысқы маусымда велосипедшілердің қауіпсіздігі үшін веложолақтардан блокиратор-боллард алынып тасталады. Бұл жолдарды қардан тазарту үшін қажет.

А.Байтұрсынов көшесі бойындағы ұзындығы 2,19 шақырым болатын учаске мен Д.Қонаев көшесі бойындағы ұзындығы 2,2 км аумақ боллардпен жабдықталған. Көктемде олар өз орнына қайта қойылады.

«Алматыда 82 шақырым велосипед инфрақұрылымы — веложол мен веложолақ абаттандырылған. Атап айтқанда, Абай даңғылы бойындағы бөлінген жолдар (Достық даңғылынан Орталық стадионға дейін); «Атакент» көрме орталығы аумағындағы веложолдар; Тимирязев көшесі бойындағы (А.Байтұрсынов көшесінен Т.Жароков көшесіне дейін); Каблуков көшесі бойындағы (Өтепов көшесінен С.Торайғыров көшесіне дейін); С.Торайғыров көшесі бойындағы (Ә. Кекілбаев көшесінен Сайын көшесіне дейін); Сайын көшесіндегі (С.Торайғыров көшесінен Қ.Рысқұлбековтің оңтүстігіне қарай); Жібек жолы даңғылындағы (Ш.Уәлиханов көшесінен МжДП теміржол өткеліне дейін); Гоголь көшесіндегі (А.Пушкин көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін, Ш.Қалдаяқов көшесінен Ғ.Қайырбеков көшесіне дейін) веложолдар»,– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көлік жүретін бөліктегі веложолақтар да ретке келтірілді.

Олар мына көшелердің бойларында орналасқан:

– А.Байтұрсынов көшесі (М.Мақатаев көшесінен Тимирязев көшесіне дейін); Қонаев көшесі (Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін);

– М.Мақатаев көшесі (Ш.Уәлиханов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін);

– Шевченко көшесі (Д.Қонаев көшесінен Т.Жароков көшесіне дейін);

– Бұқтырма көшесі (Б.Майлин көшесінен Құлжа тасжолына дейін);

– Т.Жароков көшесі (Тимирязев көшесінен Өтепов көшесіне дейін);

– Өтепов көшесі (Жароков көшесінен Ә. Кекілбаев көшесіне дейін);

–Ш.Уәлиханов көшесі (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін).

Қазіргі кезде веложол желісін одан әрі кеңейту үшін велосипед инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы жасалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар