Алматыда 800 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша биылғы 10 айдың ішінде тіркелген статистиканы жариялады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізілген статистикаға сәйкес Алматы қаласында туысқандарына тұрмыстық зомбылық көрсеткені үшін 800 адам, отбасылық жағдайда психологиялық қысым көрсеткені үшін 450 адам жауапкершілікке тартылған.

ҚР заңнамасы бойынша тұрмыста зорлық көрген адамды қорғайтын тетіктер бар.

Біріншіден, қол көтерген адамға қарсы қорғау ұйғарымы толтырылады. Оны бұзған жағдайда адам сот шешімімен 5 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылады. Қазірдің өзінде 2289 Алматы тұрғынына қорғау ұйғарымы толтырылған. Соған сәйкес олар профилактикалық есепке алынады.

Жақында Алматы құқық қорғаушылары қаладағы дағдарыс орталықтарының бірін аралады. Бұл орталықта 36 келіншек балаларымен өмір сүріп жатыр.

«Олардың басым көпшілігі өз күйеулерінен жәбір көргендер. Кейбірі жылдар бойы тепкінің астында болып келген. Тәжірибе көрсеткендей, үй ішіндегі бүлік сыртқа шықпаса, тағы да қайталануы мүмкін. Қазақстанда да, әлемде де әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктері қарастырылған. Ол бірінші кезекте, БҰҰ конвенциялары мен ҚР «Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу туралы заң», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бас инспекторы Майя Тоқсанова.

Соңғы жаңалықтар