Алматыда 80-нен астам талды сындырған бұзақы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби көшесіндегі ағаштарды сындырған бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

«Күдікті ретінде 27 жастағы Қарасай ауданының тумасы ұсталды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша іс бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Бастапқы мәлімет бойынша, ер адам облыстық психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз», - деді Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, бұл келеңсіз жағдай туралы кеше әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары бөліскен болатын.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу көше бойында отырғызылған 80-нен астам үйеңкі мен талшын тұқымды талды сындырып кеткен.

Соңғы жаңалықтар