Алматыда 8 наурыз күні қанша бала дүниеге келді
2022 жылғы 8 наурыз 19:42

Алматыда 8 наурыз күні қанша бала дүниеге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні 77 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 наурыз күні 00:00-16:00 аралығында мегаполистегі перзентханаларда жалпы саны 77 бала дүние есігін ашқан.

Оның 41-і ұл, 36-і қыз бала. Түнгі сағат 00:00-ге дейін өмірге тағы да нәрестелер келеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, барлық жаңа туған нәресте мен олардың аналарының жағдайы өте жақсы.

2021 жылы Алматыда 42 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Еске салайық, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойында дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Сүйінші» деп алатын қорапқа сәбилерге қажетті жөргек, киім-кешектер мен өзге де заттар салынған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT