Алматыда 8 мыңнан аса түлектің мектеп бітіруін 700 полицей қадағалады

None
None
АЛМАТЫ. қазАқпарат - Алматыда 224 мектепте 8 329 түлек мектеп бітіріп шықты. Қалада мектеп бітіру кеші болған жоқ. Қалалық Білім беру басқармасы кешкі мерекені өткізбеуге шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мектептердегі қауіпсіздік шараларын 700 полицей бақылаған.

«Бұл салтанатты күні қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды болды. Осы мақсатпен мектептер мен мектептердің айналасындағы территорияларда өткізілген шараларды бақылауға 700 полиция қызметкері тартылды. Жергілікті полиция осы мақсатта арнайы штаб құрды. 250 адам жол қауіпсіздігін тексерді. Одан бөлек түнгі уақытта, саябақтарда қосымша күштер тартылды», - деді ПД жергілікті полиция басқармасының өкілі Лейла Әліпбаева.

«Мектеп бітіру кештері жалпы білім беру мектептерінде болмады. Мектептердегі қауіпсіздік шараларын сақтауға көмектескен тәртіп сақшыларына алғыс айтамыз», - деді қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Соңғы жаңалықтар